Италияндық Сон-Паскаль қазақ атануды армандап жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әрдайым REVUE-мен бірге болғандарыңыз үшін рахмет, көреремен! Бүгін көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту мейрамы атап өтілуде. Италиядан келіп, қазақстандықтардың жүрегін жаулаған Сон-Паскальдың да айтары бар!

«Мен сені сүйемін» деп әуелете ән салған Сон-Паскальдың, Қазақстанға деген махаббаты ерекше. Бұл мекен мені мүлдем жатырқамай қабылдады дейді ол. Елімізде осылай тосыннан танымалдылыққа тап болған өнерпаз, бұл күндері қазақ атануға да қарсы емес.

Son Pascal, әнші:

- Біріншіден, өзімді Паскаль деп есептемеймін. Пәсеке немесе Пәке, болмаса Сәке. Өйткені Сонмынғой.  Егер де нағыз қазақ болсам, қарным мынандай болар еді! Себебі, жейтінім күнде қуырдақ, бешпармақ. Сондықтан,  қазақ болғым келеді.

Италиядан келген серінің, кезінде отандастарымызды қазақша сөйлеуге шақырып, көзге де түскені бар. Тіпті, Абайдың әнін  жаңа сарында орындап көпшілікті тамсандырған болатын.

Шетелден келіп, қазақ эстрадасында жұлдызы жанғандардың тағы бірі - Парвиз Назаров. «Азия дауысы» байқауы арқылы бағы  ашылған оның, кейбір әндері әлі де ел есінде.

Парвиз Қазақстанға қарындасы Ситораны да ертіп келіп, оның шығармашылық өсуіне жол ашты. Сондықтан да, қазақ жұртына алғыс айтуды ұмытқан емес.

Парвиз Назаров, әнші:

- Ең алғашқы әнім Қазақстанда танымалдылықа ие болды. Мен ол кезде расымен бақытты едім. Таксиге отыра сала, жүргізуші мені бірден танығанын ешқашан ұмытпаспын. Қатты таңқалғам. Сол үшін, Қазақстанға алғысым мол!