Меган Маркл әйел теңдігін жақтап жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Меган Маркл мен Кейт Миддлтон патша әулеті құрған қайырымдылық форумына қатысқан болатын. Айтулы шарада, Меган әйел теңдігі мәселесін көтергенді. Бірақ оның қылығы, Кейт ханымға жақпай қалған сынды.

Патша әулеті құрған Royal Foundation қайырымдылық қоры 2011 жылдан бастап жемісті қызмет етіп келеді. Дәстүрлі түрде өткізілетін ұйымның биылғы форумына Кейт Миддлтонмен бірге Меган Маркл да қатысты. Актриса Гарри ханзаданың заңды жары атанбаса да, ақсүйек әулеті жас келінді аталмыш жиыннан қалдырмауды жөн санапты.                                                                                 

Ал, алғаш рет қайырымдылық форумында төбе көрсеткен Меган Маркл болса, сөз сөйлеуде тосылып қалмады. Тіпті, әйел теңдігі мәселесін көтерді.
Меган Маркл, актриса:

- Әдетте маған әйелдерге өз құқығын қайтару игі іс деп айтып жатады. Алайда, мен бұл сөздермен мүлде келіспеймін. Себебі, нәзік жандылардың құқығы бұрыннан болған. Қазір де әйелдер мәселесі назардан тыс қалмауда.

Ал, жиында Кейт Миддлтонның көбіне үнсіз қалғаны, абысыны Меганды құптай қоймағанын аңғартады. Есесіне, болашақ жарының жалынды сөздерін, Гарри ханзада қолдай жөнелді.

Гарри Ханзада, Меган Марклдың жұбайы:

- Дәл қазір тойымыздың қамымен жүрміз. Бірақ, көп ұзамай төртеуміз игі мақсатта жұмыс атқарамыз деген ойдамын. Алда талай іс күтіп тұр.

Ресми басқосудан соң, әлеуметтік желіде патшалық әулеттің келіндерін талқыға алғандардың қарасы көп болды. Оладың бірі, Меган Марклды жақтаса, қалғандары жүкті Кейт Миддлтонның көз тартар көркін жарыса жазды.