Алтынай Жолдыбаева «Джейранға» еліктейді деп кімдерді айыптауда?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнестегі гелзбендтер арасында, нағыз ашық айқас басталды. Олардың тартысы бұл жолы сахналық образ немесе ән айту стилі жайында емес. Мәселен, Алтынай Жолдыбаеваның ойынша кейбір топтар, «Джейранның» әр қадамын қайталайтын көрінеді.

«JayRan» тобы:

- Біздер алғашында үшеу болдық. Бәрі үшеу болды. Одан кейін біз төртеу болдық. Бәрі төртеу болды. Біз енді қайтадан үшеуміз. Енді қазір бәрі қайтадан қысқаратын шығар.

Батыл образдарымен жұртқа танылған Алтынай, бұл пікірдің қай топқа бағытталғанын ашып айтпады...

Иә, «Кешью» үшін өткен жыл өзгеріске толы болды. Былтыр, 10 жылдық тарихы бар топ кенеттен квартетке айналып, кейін атышулы гелзбендтің құрамы үш қызбен қайта тұрақталды. Бірақ, Баян басқаратын ұжымда ән салатын Балжан Бидаштың, кіші Жолдыбаеваның пайымына өз жауабы бар!  

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Жалпы ол кісілер өздеріне көп алмасын деп па.. Біздің продюсерлер Қазақстаннан бір нәрсе алды, көшірді деген адамдар емес. Сондықтан, ол ешқандай еліктеушілік емес. Көбісі біледі «Лашын» мен «Кешью» тобы қосылғандықтан, төрттік болуға амалдың жоқтықтығынан болған нәрсе.

Айтпақшы, өткен жылы «Асылдық» арулардың да құрамында өзгеріс орын алғанын ел біледі. Декреттік демалысын тәмамдаған топтың экс-мүшесі Ғалия Мұратова, іргетасын өзі қалаған қобызшы қыздардың қатарына қайта қосылған-ды! Осылай тосыннан төртікке айналған ұжым, «Джейрандық» Алтынайдың айтқанымен келіспейді.    

«Асыл» тобы:

- Кездейсоқтық шығар. Себебі, ол бір-бірімізге еліктейміз деген оймен емес. Расында сол уақытқа келіп қалды, біздің Ғалияның тұрмысқа шығып, балалы болуы.

Айта кетейік, былтыр «Аюми» үштігі де тағы бір арумен толықты. Бірақ, жыл соңында Қонарованың қол астындағы қыздар тарап тынған еді.