«Оскар» жүлдесін еншілеген өнерпаздар бас қосты

Сообщить о проблеме с эфиром

«Оскар» жүлдесін еншілеген өнерпаздар Vanity Fair кешінде бас қосты. Сальма Хайек, күні кеше «үздік актриса» атанған Фрэнсис Макдормандты талқыға салды. Бұл көреалмаушылық па?

Көптен күткен марапаттарын қолдарына ала сала, голливудтық жұлдыздар Vanity Fair-ге ағылды. Қадірлі меймандар арасында киносаласына қатысы жоқ, танымалдар да жетерлік. Мәселен, атаулы кеште Кендал Дженнер «қара қанаттарымен» көзге түссе, Жанель Монэ алқызыл смокингімен ерекшеленді.

Иықтарынан ауыр жүк түскендей күй кешкен актерлар, бұл шарада аса көңілді. Басқосқан жұлдыздар, бірден «Оскар» салтанатын талқылауға кірісті.

Сальма Хайек, актриса:

- Гильермо Дель Тороның екі бірдей жүлде жеңіп алғаны дұрыс деп білемін. Сондай-ақ Фрэнсис Макдормандт туралы айтпай кетуге болмайды. Оның сахнадағы әсерлі сөздері толқытпай қоймады.

Елді ерек сезімге бөлеген Фрэнсис Макдормандтың өзі болса, «Оскар» салтанатынан кейін алған жүлдесін жоғалтқаны бар. Қуанышқа қарай, дарынды актрисаның марапатын қолды қылған қылмыскер құрыққа түсті.

Ал, кештің өзге меймандары болса, жеңіс тұғырынан табылған өнерпаздарға құттықтаулар мен ізгі тілектерін білдіріп тарқасты.