Әнші Айқын қандай сыйлығы үшін әлі де ұялып жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Барша аруларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Айтулы мерекеге қарсы, отандық өнер жұлдыздары алғаш ұсынған сыйлықтары жайлы естеліктерімен бөлісті. Тіпті, Айқын өзінің сыныптас қызына жасаған тартуы үшін, әлі күнге дейін ұялатын көрінеді.

«Ninety one» тобы:

- Бәріміз кішкентай кезімізде жасайтын едік сыйлықты. Мектепте. Есте қалатыны сол, қыздарға бәріміз жиналып крушкалар, гүлдер, сувинирлер, кружка оның қасына открытка қосып бересің. Одан кейін, 8-наурызда кішігірім концерт қояды барлығы, бәрі таланттарын көрсетеді. Сондай сыйлық жасайтынбыз.

Ал «Найнти Уандық» жігіттердің әріптесі Данияр Өтеген, кезінде сахнаға емес, қолөнерге жақын болдым дейді. Әншінің сыйлы адамына жасаған сыйлығы әлі есінде.

Данияр Өтеген, «Ringo» тобының солисті:

- Менің кішкентай кезімде сондай қолөнерге жақын болғаным рас. Сондай қолдан жасалған дүниелер әлі де үйде бар. Ол әрине мамаға арналған.

Айнұр Илиясова, актриса:

- Кішкентай кезімде анама өзім жасаған, бастауыш сыныптарды, түрлі-түсті қағаздардан жасалған открытка сыйлайтынбыз.

Актриса, өзі тарту еткен ашықхатын осы күнге дейін сақтап жүрген анасын, бағдарламамыз арқылы көктемгі төл мерекесімен құттықтады.

Айнұр Илиясова, актриса:

- Құрметті мама, мен сізді 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттқытаймын!

Айқын Төлепберген де балдәурен шағында табыстаған тартуын ешқашан ұмытпақ емес. Себебі, әнші өзінің сыныптас құрбысына жасаған сыйлығының расымен «ерекше» болғанына сенімді.

Айқын, әнші:

- Базарға барамын да, ол кезде білмеймін ғой кішкентай баламын әлі, ондамын ба. Базарда духилар тұр мынандай, кішкентайынан бастап үлкейген сайын қымбат-қымбат. Ең үлкені тұр да мынандай, ең үлкен арзан. Сөйтіп, ең үлкенін арзанын ала салдым да. Сөйтіп, мектепке барып, ана қызға берсем, освежитель воздуха екен...

Ұятқа қалдым деген Айқын, жиырма алты жыл өткеннен кейін, бала күнгі шалалығы үшін, сол арудан кешірім сұрауға бел буды.

Айқын, әнші:

- Жанар ренжіме, мен ол кезде білген жоқпын!