Әли Оқапов тағы не бүлдірді! Түнгі клубтағы оқиғаға қатысты тың дерек шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан бірнеше күн бұрын желіге жүктелген дәл осы видео, қазнетте қызу талқыға түскен еді. Түнгі клубта бейтаныс сұлумен сайран салған серіні көргендер, Оқапов деп топшылаған-ды! Алғашқыда Әли өзі емес екенін айтқанымен, күні кеше түнгі клубқа қатысты тың деректің шетін шығарды.    

Түнгі клубтағы видеода аймаласқан қыз-жігітті көргенде, алғашқыда Әлидің де көңілінде күдік ұялапты. Бірақ, өнер иесі өткен өміріне бір сәтке шолу жасап, бұл сәтті есіне түсіре алмай әбден әбігер болған көрінеді.

Әли Оқапов, әнші:

- Сөздің шыны керек мен өзім ойлап қалдым «мен бе мынау» - дегендей. Өйткені қатты ұқсайды, мойындаймын. Бірақ еске түсіре алмадым сол кешті. Яғни қай жер екендігін, қай қыз екендігін.

Оқаповтың дәл бұлай күмәндануының өзіндік себебі бар. Өйткені сері осы уақытқа дейін, талай мәрте сауық-кештерде сайран салғанын жоққа шығармайды.

Әли Оқапов, әнші:

- Барлығы да мүмкін ғой. Мүмкін ескі видео шығар. Мүмкін мектеп кезіндегі, мысалы біз мектеппен бірге клубтарды жалдап, өзіміз ғана дискотека ұйымдастыратынбыз. Мүмкін бір презентация шығар. Әрине болып тұрады.

Ғаламторда тараған роликтегі ер баланы бастапқыда Әли деп болжағандар, Халық әртісінің ұлына жағымсыз пікірлерді қарша боратқан. 

Әли Оқапов, әнші:

- Содан кейін әрине көптеген хаттар келді. «Ұят-ай, масқара, не деген жүріс мынау?» - деп, «барлығының көзінше» - дегендей.

Алайда, қызды құшағына қысқан бейтаныс жігіттің өзі емес екенін әнші, инста-парақшасы арқылы растады. Рымбаеваның тұңғышынан мұндай ерсі әрекетті күтпеген көпшіліктің күдігі, әлеуметтік желідегі жазбадан кейін ғана сейіле бастаған. 

Әли Оқапов, әнші:

- Нақты мен емес екендігіне көзім жетті. Желіге жүктедім. Бәрі байқады. Қолдады. Біз біліп едік, сенің ондай емес екеніңді дегендей. Жалпы, жақсы пікірлер туындады. Сондықтан, ол жай ғана түсініспеушілік деп айтуға болады.