Джеймс Франкоға тағы қандай айып тағылуда?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық жұлдыздардың бірінен соң бірінің басы бәледен арылмай-ақ қойғандай. Бұл жолы жұрт, актер Джеймс Франконы ең үздік атанған «Горе-творец» фильмінің сценариін өзгеден ұрлады деп кінәлауда. Шығармашылық барымта деген осы ма?!

Голливудтың дауы біткен бе...Жұрт Джеймс Франконы тағы да жазғыруда. «Человек паук» фильмі арқылы танымалдылыққа ие болған актер, режиссерлікті де қолға алған еді. Дебюттік «Горе-творец» картинасы сәтті шығып, тіпті қанжығасына «Алтын глобус» марапатын да байлаған болатын.

Алайда, өзінің шәкірті картинаның сценариін ұрлады деп үстінен сотқа арыз түсірген. Джеймс болса, тағылған кінәні мойындаудан бас тартып отыр.

Отбасылық жанжал Spice Grils  тобының солисті Мел Бинді де айналып өтпеді. Ол өзінің экс-жұбайымен әлі күнге дейін араздасып жүр. Бірнеше ай бұрын ажырасу туралы сотқа шағымданған әнші, менің жарым: қыздарымның психикасына залал келтірді, әртүрлі өлім сахналары таспаланған видеоларды көрсетті деп мәлімдеген. Стивен Беланфорт те де қол қусырып отырмай, бұрынғы сүйгеніне қарсы заң органдарына арыз түсірген. Енді, олардың жолы шынымен екіге айырылған сияқты.

Ресейлік тенисші Мария Шарапова Гагозиялық галереяда кәсіпкер Александр Гилкспен бірге көзге түсіп қалған. 38 жастағы бизнесмен мен 30 жастағы тенисші бұған дейін де селлебрети кештерінде бірнеше рет төбе көрсеткен еді. Кейбір бей-жай қарамайтын жандар, екеуінің қарым-қатынасынан отбасылық одақ көруден үмітті. Ал, күні кеше баскетболшы Саша Вуячичпен көңіл жарастырып жүрген спортшы ару, онымен неге кенеттен айырылысқаны туралы әлі де тіс жармай отыр.