Эмма Уотсон қырық қызды құмар еткен серімен көңіл қосты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Меган Маркл келіндік сынақтардан өтіп жатқанда, өзге жұлдыздар да жұбын табуға ниетті. Голливуд мұндай маxаббат xикаяларының ордасы секілді. Қосылып немесе ажырап жатқандары қаншама.. Мысалы, Эмма Уотсын жаңа ғашығын жолықтырды. Кербез сылқымның жүрегін жаулаған сері кім?

Лос-Анджелесте жасырыну мүмкін емес. Эмма Уотсон Корд Оверстрит есімді актермен папарацци нысанына ілікті. «Хор» телехикаясы арқылы  танымал болған Корд, Эмманың жүрегін бірден жаулағандай. Ол бұған дейін серілік құрып жүріп Тейлор Свит, Эмма  Робертс, Лиа Мишель сынды арулармен көңіл жарастырған еді. Енді тек британдық актрисаға аңсары ауған көрінеді.

Ал, Джастин Бибер мен Селена Гомес ара-қатынастарын уақытша тоқтатты. Бұған, бикештің анасының Джастин туралы жағымсыз ойлары себеп болған. Қызының тағы да денсаулығының сыр бергенін қаламайтын Мэнди, бұл жұпқа түбегейлі қарсылық танытуда. Ал Селенаның өзі екі оттың арасында қалғандай. Таяуда ғана қайта қосылған қос ғашықтың, келешегі қалай болары белгісіз.

Париждегі сән апталығы аяқтала салысымен, сәнбика Белла Хадид футбол алаңына қарай асыққан. Кезекті матчын ол танымал аяқдопшы Дэвид Бекхэммен бірге тамашалапты. Олардың айтуынша, қатар отырып қалулары үлкен кездейсоқтық. Екеуі бірін – бірі сырттай танығанымен, бұл  алғаш жүздесулері екен. БАҚ өкілдері жұлдыздарды қосып үлгергенімен, экс-футболшының үлгілі отағасы екені баршаға мәлім.