«Рензо» жаңа бейнебаян үшін сынға қалды

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанкүйерлерін жаңа туындылармен қуантуды сиреткен «Рензолықтар», көрерменге су жаңа бейнебаянын ұсынды. Тыңдармандарының бірі мұны камбэкке балап қуанса, өзгелері әйгілі «Бэкстрит Бойзға» жиендік жасады деп жазғыруда. Көшірдіңдер деген айыптауларға жігіттердің өзі не дейді?

 «Renzo» тобы:

- «Бэкстритбойзмен» салыстырған жақсы ғой. Қазіргі кезде әртүрлі топтармен салыстырып жатады. Бірақ, «Бэкстритбойзбен» салыстырған біз үшін жақсы. Алайда оған ұқсатып, әдейі түсіретін ой болған жоқ. Бірақ ұқсауы мүмкін, стилистикасы келеді де өлеңнің.

Қырағы көрерменнің көңіліне тигені бұл ғана емес. «Рензолықтардың» ән айту мақамдарына үйреніп қалған тыңдарманы, Асқардың рэп оқығанын құп көрмеді.

«Renzo» тобы:

- Ол рэпті жазған кезімде, ең басты біздің продюсерімізге, музыкалық продюсерімізге балаларға ұнаған болатын. Бірақ, ондай ой болған еді сын айтылатын. Комментарий айтатын адамдардың никнеймін қарайтын болсақ, «Женушка Бала» деген сияқты... Көбінесе сондай адамдар да менің көргенім.

Сыни пікір білдіргендердің басым бөлігі «иглз» деп топшылаған жігіттер, K-POP пен Q-POP-қа қатысты еш қарсылығымыз жоқ дейді. Тіпті, топ мүшелерінің кейбірі осы бағыттағы әндерді тыңдайтын көрінеді.

«Renzo» тобы:

- Көбінде Жанболат K-POP - ты жақсы көреді. Кей-поптың ішінде «Джей драгон» соны тыңдап өскен. «Биг-бэнг» тобын.

Жаңашылдыққа жаны құмар жігіттер, бұл бейнебаянның расымен «камбэк» болды дейді. Әдетте, бір туынды таспалаған соң, ұзақ үнсіздікке кететін «Рензолықтар», шығармашылықты мықтап қолға алуды көздейді.

«Renzo» тобы:

- Жоспарлап жатырмыз, жоспарларымыз көп. Және осындай туындыларымызбен, бейнебаяндарымызбен қуантамыз деген ойдамыз.