Допинг-дауға іліккен «Канелоға» еш кедергі жоқ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі мексикалық боксшы Альварес басы допинг-дауға қалса да, 5-мамырда Головкинмен жұдырықтасуға шығады. Миллиондаған доллар құйылған «GGG мен Канело» арасындағы қарымта айқасқа, ешқандай кедергі жоқ дейді бокс мамандары.

Әзірге VADA ұйымы тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Сауль болса таяуда қайтадан қан тапсырып, бойында ешқандай тиым салынған заттардың жоқ екендігін көрсеткен. Бұған дейінгі кленбутерол табылған допинг-сынаманың әңгімесі, Головкин мен Альварестің рингтегі екінші майданына деген әлем жанкүйерлерінің қызығушылығын еселеп арттырды.