Лондонда «Тихоокенаский рубеж-2» картинасының тұсауы кесілді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Биылғы «Оскар» жеңімпазы, Гильермо дель Тороның жанкүйерлері керісінше еселене түсуде! Лондонда, «Тихоокеаский рубеж – 2» картинасының тұсауы кесілді. Дарынды режиссер, бұл фантастиканы таспалауды 5 жыл бұрын жоспарлап қойған көрінеді.

Гильермо дель Торо ең алғаш 2012 жылы-ақ, «Тихоокенаский рубеж» фильмінің  сиквелге айналатынын айтқан. Тіпті, фантастиканың жалғасын қағаз бетіне түсіріп те қойған екен. Алайда, араға уақыт салып көрерменге жол тартқан осы  туындының, режиссерлік тізгіні «Оскар» жүлдегерінің қолына тимеді. Есесіне, бұл жолы ол, продюсерлік орынға жайғасқан.

Стивен С. Денайт, режиссер:

- Әрине, әртүрлі көзқарасқа байланысты қиындықтар болғанын жасырмаймын. Алайда, Гильермо делт Торо екеуіміз картинаның сәтті шығуы үшін барымызды салдық.

Сиквелдегі оқиғалар желісі, 10 жылдан кейінгі уақытты қамтиды. Жер шарын белгісіз құбыжықтар паналай бастайды. Әлемге қауіп төнгенде, әкесімен араздасып қылмыскерге айналған Джейк, күллі адамзатты қорғауды өз қолына алады.

Джон Бойега, актер:

- Түсірілім керемет болды! Продюсерлеріміз түсірілім алаңында, қорғаушы періштелерімізге айналғандай. Олардың арқасында, шығармашылық тұрғыдан нәтижелі еңбек ете білдік.

Ал, фантастикаға толы лентаны қазақстандық киносүйер қауым, наурыздың 22-сінен бастап үлкен экрандардан тамашалай алады!