Индира Елемес ресейлік әнші Егор Кридпен шоу-бизнесті бағындыруға ниетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемдік киногерлер қазақ киносын марапатқа лайықты деп таныса, отандық өнерпаз Индира Елеместің есімі ресейлік шоу-бизнес өкілдерінің құлағына да жетті. Иә, қазақ қызы Егор Кридпен дуэт жазып, шет елдік сахнаны бағындырудың алғашқы қадамдарына кірісіп кеткен.

Индираны шет елдік нарыққа шығару идеясы дәл осы Алекс Давиа есімді ресейлік композитор әрі продюсердің ұсынысынан туындапты.

Индира Елемес, әнші:

- 2015-ші жылы танысқан болатынбыз Мәскеуде. Ол кісімен бізді Арман Давлетрияров мырза таныстырды, «МузТв-ның» директоры. Біз жұмысын көрдік. Бір әнімнің әрлеуін жасады. Сосын ұнады жұмысы.

Алекс ТМД-ға танымал шоу-бизнес жұлдыздарымен де жақсы қарым-қатынаста. Егор Кридтің орындауындағы бұл трек, сазгер Давианың өнімі. Қазіргі таңда қазақ қызымен қызу жұмысқа кіріскен музыкант, күні кеше Индираға «Блэкстарлық» серімен дуэт жазу жайлы ұсыныс тастаған. 

Индира Елемес, әнші:

- Алекстің әні бар. Ол дуэттік ән болып есептеледі. Сондықтан да ол кісі айтады, неге бұл әнді Егор Кридпен айтпасқа деп. Кеше сөйлескенде солай айтты. Білмеймін енді ойланып отырмыз. Айтсақ айтармыз.

Алекс Давиа, композитор, продюсер:

- Иә, трек дайын тұр. Мәтіні орыс тілінде жазылған. Бірақ уақыт тығыз. Егор Крид ай сайын бір әннің тұсауын кеседі. Гастрольдік сапарларымен қатар жеке шығармашылығын шыңдау үстінде. Сондықтан, бетпе-бет кездесудің сәті түспей тұр. Алдағы күндері бір шешімге келетін шығармыз.

Алекс, Егор Кридпен қатар «Блэк Стардың» өзге мүшелерімен жұмыс жасап, М-Бэнд, Сергей Лазарев, Валерия, Ирина Дубцова, Сати Казанов сынды ресейлік танымалдардың талай тректерін жазған. Сондай-ақ, 2015-ші жылы Қайрат Нұртас пен Нюшаның орындауындағы «Алматының түндері-ай» әнінің әрлеуі дәл осы жігіттің қолына шыққан екен.