Жұлдыз Әбдікәрімованың ең үздік актриса атануына кімдер наразы!?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайраттың жары - Жұлдыз Әбдікәрімова ең үздік актриса атанды! Мұндай тоқтамға Қазақстан Киносыншылар Ассоциациясы бірауыздан келген. Алматыда, әдеттегі дәстүрмен «Сыншылар таңдауы» марапаты өткізілді. Дегенмен, салтанатты шара, көптің наразылығымен аяқталған көрінеді.

Төртінші рет  ұйымдастырылған «Сыншылар таңдауында»  бұл жолы, 13 аталым бойынша 31 картина бақ сынады. Айтулы марапатта Қайрат Нұртастың жары Жұлдыздың «Үздік актриса» атануы көп күтпеген жаңалық болғандай.

Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:

-Қазір қобалжып та тұрмын. Алғашқы дебютым, алғашқы алған наградам осы. Енді бұйырып жатса әрине, бағаланып жатса еңбегім түсеміз. Шақырту алып жатсақ та. Бұл жерде айта кетейін дегенім, бұл номинацияны енеме арнағым келеді.

Жұлдыздың енесі де кештен құр алақан қайтпады. «Арман» картинасы «Ең үздік фильм» атанып, көп киноны жақтыра бермейтін Карим Қадырбаевтың өзі Гүлзира Айдарбековағы арнайы марапатты табыстады.

Бірақ, кеш барысында продюсер ханымның қуанышына ортақтаса алмағандар да кездесті. Меймандардың кейбірі сыншылар пікірімен мүлде келіспейді.

Динара Бақтыбаева, актриса:

-Менің ойымша үздік комедия, үздік драма, үздік экшн деп бөлек-бөлек жүлде беру керек. Осы үш аталымға ортақ марапат беру қисынсыз.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

-Халыққа жақсы ұнаған кино алдыға шығу керек. Ал, критиктардың жиырма адамнан жинағаны менің көңілімнен шығып жатқан жоқ!

Ал, көңілі толмағандарға кимносыншылар ассоциациясы президентінің айтар жауабы мынау:

Гүлнар Абикеева, киносыншы:

-Ең алдымен картинаның кәсіби сапасына қарадық. Сценариі, түсірілімі, актерлердің ойыны, художниктердің жұмысының деңгейі дегендей.

Киносыншылардың көңілінен шығып, «кәсіби» деп танылғандар арасынан Дуылға Ақмолда да табылды. Өнерпаз «Оралман» фильміндегі ойыны үшін, «Үздік актер» марапатын еншіледі.

«Келинка тоже человек» фильмінде төбе көрсеткен Данагүл Темірсұлтанова болса, «Екінші пландағы үздік әйел ролі» номинациясын қанжығалады.

Айым Сейтметова, актриса:

-Бүгін мен мамамның орнына келдім қонақ ретінде. Мама екінші пландағы актриса жүлдесіне номинант.

Айтулы кеште «Найти уандық» мемберлер төбе көрсеткен картина да, елеусіз қалмады. «91» фильмі «Үздік операторлық жұмыс» аталымы бойынша марапатталса, «Ең үздік ән» ретінде «Mooz» туындысы танылды!