«Блэк Дайл» тобының үштік болып қалатыны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана топ құрамындағы екі рэпермен қош айтысқан «Блэк Дайл» продюсері, бойзбендтен кеткен жігіттердің орнына өзге өнерпаздарды алатынын айтқан-ды! Бүгінде, аталмыш бойзбенд үштік болып өнер көрсетіп жүр. Сонда, «қара домалақтар» трио болып қалмақ па?! 

Топта үлкен өзгеріс болғанымен, «Блэк дайл» бойзбенді жұмысын тоқтатқан жоқ. Бүгінде сауық-кештерде трио болып өнер көрсетіп жүр. Бірақ, бестікке көзі үйренген жігіттер мен фанаттары үшін, үштікке қысқару оңай соқпапты.

«Black Dial» тобы:

- Бізге бір соққы сияқты болып тиді. Бірақ, ең бастысы өнер біздің жүрегімізде болғаннан кейін, біз өнерді шектемейміз, тоқтатпаймыз. Рэйванстарға да бұл соққы сияқты тиді әриине. Бірақ бұл қателікті біз дұрыстаймыз.

«Қара домалақтардың» қатарын толықтырғысы келетін өнерпаз, әмбебап әртіс болуы керек. Вокалдық қабілеті бар, биге де бейім, рэпке машықтанған музыкант қана «Блэк дайл» тобының мүшесі атана алады. Кастинг онлайн түрінде жүргізіліп жатыр.

Есболат Беделхан, продюсер:

- Мен 5-6 баланы таңдап, мен өзім сол балаларымен сөйлестім, жаздым. Тағы қандай қабілттерің бар? Қай жерде тұрасыңдар, қандай жоспарларың бар деген сияқты сұрақтар қойдым.

«Black Dial» тобы:

- Бұл жерде ең бастысы талант. Шыныменде талантты балаларды өзімізге іздеп жатырмыз. Біздің әлемімізге қарай тартқымыз келеді.

Ал, топтағы жұмысын тосыннан тоқтатқан екі жігіттің шоу-бизнестегі жолы жабық болмақ. Өйткені бойзбенд құрылғанда, қос рэпер Есболатпен 7 жылдық келісімшартқа қол қойыпты. Кейін, ұжымның экс-мүшелері продюсер қойған талаптарды орындамаған.

Есболат Беделхан, продюсер:

-Заң жүзінде олар бізбен келіспей ештеңе істемеу керек. Ал егер өз беттерімен, өз еріктерімен істей берсе, олар екі жақтан қол қойылған келісім шартты ары қарай бұзып жатыр деген сөз. Неғұрлым бұзған сайын, өздеріне қиын болады кейін...