«Қалай қарайсың?» жобасы жарыққа шықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелдік жұлдыздар сынды, НТК арнасы да таңқалдырудан жалықпайды! Бұдан былай, көзі қарақты көрермен белгілі өнер өкілдерімен бірге, қазақстандық жұлдыздардың бейнебаяндарын  тамашалап, туындыларға өз бағасын бере алады. Арнамыздың тың жобасы туралы толығырақ тілшіміз тарқатсын.

«Қалай қарайсың?». Дәл осындай атауға ие болған НТК арнасының жаңа жобасына, сіз ойлағандай «Найнти уанның» қатысы жоқ. Алайда, мемберлердің тың туындылары бағдарлама барысында, сарапшылардың қызу талқысына түсуі бек мүмкін.

Ерекше жобада ескілікті қолдайтындар мен жаңашылдыққа жаны құмар жастар, қазақ эстрадасы өкілдерінің бейнебаяндарды тамашалап, өз бағасын беретін болады. Қатал сыншылар сюжеттен бастап, музыкалық орындау, авторлық идея, әншінің образы сынды бейнебаянның бүге-шүгесіне дейін талдамақ.

Ал, қызу пікір-талас соңы «ең нашар» бейнбаянды анықтаумен аяқталады. Олай болса, НТК арнасының көрермендері, шоу-бизнестегі «ең үздіктерді» таңдайтын кез келді. «Қалай қарайсың» бағдарламасы сәуір айынан бастап, әр жексенбі сайын телеэкрандарда!