Ерке Есмаханның өз ғашығын кездестіргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерке Есмахан махаббаттан мас болып, бақыттан бал-бұл жайнауда! Дәл осындай пікірге келген әншінің оқырмандары. Мұның дәлелдері мен дәйектерін біз нақтылап айтып бермекпіз. Сонымен, өнерпаздың жақын арада ақ келін атанатыны рас па?

Қайда деп, жер жаһаннан ғашығын іздеген Ерке Есмахан, расымен өз көңілінің  қалаулысын тапқандай. Әнші жанкүйерлерінің мұндай тоқтамға келуіне, мына сурет түрткі болып отыр.

Мәселен, әйгілі шоумен Әли Байжұмат та дәл осы гүл шоғымен, нақ сол жерде түскен фотосын желіге жариялаған. Қос жұлдыздың қырағы көрерменнің көзіне түсуі алғаш рет емес. Өнерпаздардың қолынан ұқсас раушан гүлдерін жиі байқайтындар, бұны Әлидің Еркеге сыйлағаны деп топшылайды.

Ал, хит әндердің орындаушысы «Әйел бақыты» бейнебаянының түсірілімі барысында, арқа сүйер азаматтың жетіспей жүргендігін білдірген еді.

Ерке Есмахан, әнші:

–Менің өмірімнен алынған нәрсе. Бұл толыққанды бақытты қыздардың ойына келмеуі мүмкін. Баламды өзім, әке-шеше, бауырларыммен бірге тәрбилеп отырғаннан кейін, өзім әзірге арқа сүйер азамат таппағаннан кейін бұл ой маған келген шығар.

Жұрттың сан-алуан болжамы мен күдігіне себеп болған тек гүл шоқтары емес. Бұған дейін, Ерке мен Әли талай ортақ суреттерін жариялап, желіде жазған пікірлері арқылы бір-біріне жылы лебіздерін ашық білдіріп жүрді.

Танымал әнші кезінде, шын ғашығын жолықтырған жағдайда, жүрегінен орын беруге әзір екендігін де ашып айтқан.

Ерке Есмахан, әнші:

-Өмірде шын сүйген адамымды кездестірсем, ол мені сүйіп тұрса, шын махаббат болса мен барлығына да дайынмын.

Олай болса, Ерке Есмахан ақ келін атанатын күннің де, ауылы алыс емес деп сенейік.