Шоу-бизнес өкілдері сәтсіз ғашықтық хикаяларын еске алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен өмірін қатаң құпияда ұстайтын жұлдыздар қауымы, өздерінің сүйгендері жайлы әңгіме қозғады. Бірі бұрынғы қызын бойының қысқалығына бола тастап кетсе, екіншісіне экс-махаббатының мінезі ұнамаған. Отандық шоу-бизнес өкілдерінің сәтсіз ғашықтық хикаялары жайлы алдағы сюжетте.

Өнерлі жастарды жұрт та тани бастаған соң, сұлулардың назарын аударуы заңдылық. Бұл жігіттердің жүрегі қолжетімсіз көрінгенімен, әрқайсысының махаббаттан алған соққысы мен бөлісер құпиясы бар. Жас актер Олжас Әлжанов мектеп қабырғансындағы ғашығын еске алса, қызарақтай бастайды. Себебі, бала сезімді шорт кескен - қыздың бойының қысқалығы екен.

Олжас Әлжанов, жас актер:

-Мектеп кезінде мен жүргем сондай бір бойы кішкене менімен бірдей емес. Вообще қиналып кеттім шыны керек. Аяғын талтайтып тұрасың немесе бір жерге бордюрларға мінгізіп тұрып құшақтасасың деген сияқты ғой.

Ал, кино әлемінде енді таныла бастаған Санұржан болса, ғашық болған қыздары жайлы сұраққа тосылса да, артынша оларды түгендей жөнелді.

Санұржан Сүлейменов, жас актер:

-Әр қызым шыны керек өзінің бір жетістіктері болды. Біреуі спортқа жақындау болды, біреуі биге жақындау болды, біреуі модельдік жағынан көп жетістіктерге жеткен.

Жас актер өзі көңіл жарастырған арулардың ішінен бір бұрымдыны ерекше атап өтті. Себебі, экс-ғашығының әуестенген хоббиі шынымен де қорқынышты.

Санұржан Сүлейменов, жас актер:

-Бір қызым болатын, ол серийный убийцалар дейді ғой. Солар туралы бәрін білетін. Мынау осы жылы туылған, осынша адам өлтірген деп.

Ал, Шәріп Серікке өзінің жан жолдасының батыл мінезді қарындасы, сезімін ашық білдіріпті.

Шәріп Серік, актер:

- Ол менің қарындасым сияқты болды. Күнде осылай ұрыстық та онымен. Біртүрлі болып қалдым басында. Дегенмен де бір сүйіп алдым ол қызды.

Ол сұлумен Шәріп қол ұстасып, бау-бақшада қыдырмаса да, достықтары әлі күнге берік екен. Бұрынғы сал-серілердің ізін жалғаушыдай болған бұл жігіттер, бүгін өз адал махаббатымызды тапсақ дейді.