Көрермен көңілін тапқан үздік фильм 200 миллион жинады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тихоокеанский рубеж-2» картинасы, Қазақстандық кинопрокатта алғашқы миллиондарын жинап, табыстылар қатарынан табылды. Қытай елі мен АҚШ бірігіп түсірген кинокартина, Жер планетасының тағдырын сынға салған шайқасты суреттейді.  Адамзатқа қауіп төніп тұр ма?! 

Фантастикаға толы «Тихоокеанский рубеж» фильмінің екінші бөлімі, алғашқы аптада-ақ 211 миллионнан аса қаражатқа кенелді. Картинаның режиссері Стивен ДеНайт көрермен ілтипатын алуда. Робот-қорғаушылардың көмегімен адамзат баласы Жер бетінің тыныштығы үшін тарихи соғысқа шығады. Ал, дұшпандары олардың ұрпағын құл етуді көздейді.

Комедиялық фильмдерді жаны сүйетін көрерменнің көнілін, «Кролик Питер» картинасы тапқандай. Бұл картина 77 миллион теңгеден астам пайдамен екінші сатыда. Британдық жазушы Беатрис Поттердің авторлығымен таспаланған туынды, «Питер» коянының бастан кешкен қызықты оқиғаларын баяндайды. 

Батыр әрі айбарлы қыздың оқиғасы, 40 миллион теңгеге жуық ақшамен үшінші орында. «Tomb Raider»- компьютерлік ойындарың желісінде түсірілген фильм. Лара әкесінің құпия өлімін анықтауда, түрлі келесіздіктерге тап болады. Мақсаты әділдікке жету! 

Ресейлік «Я худею» картинасы үздік үштіктен түскенімен, 18 миллион теңгедей табыспен төртінші орынға тұрақтады. Бұл арықтаудың қамымен жүретін, орыс қызының махаббат хикаясы! Аняның жан құрбысынның рөлінде ойнайтын ару, осы фильмдегі негізгі кейіпкерді сомдаудан саналы түрде бас тартқан деседі.   

Отбасылық «Шерлок Гномс» мультфильмі 8 миллион теңгеден астам  пайда тапты. «Кунг-Фу Панда» картинасына режиссерлік еткен Джон Стивенсонның бұл туындысын жұрт сәтті шыққанға балайды. Лондонға қоныс аударған гномдардың тыныштығын бұзылып, бастарына қауіп төнеді. Ержүрек Гномоеның парызы- бұл қиын-қыстау күнде жақындарын құтқару.