«Ревюньюс» кино саласының соңғы жаңалықтарымен бөліседі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голивудтың жарқын жұлдызы Марго Робби жауыз адамға айналды! Кезекті картинада жағымсыз кейіпкердің рөлі бұйырған актриса, жаңа образын сәтті алып шыққандай. Кино әлемнің ең соңғы жаңалықтар біздің назарда! Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

«Конечная» лентасының авторлары, фильмнің көптен күткен трейллерін ел назарына ұсынды. Дарынды актриса Марго Робби жауыз даяшының кейпіне енген бұл картина, режиссер Вон Стайнның дебюттық жұмысы болып есептеледі. Жан түршіктіретін сәттерге толы триллер, мамыр айында жарық көреді деп күтілуде.

Лос-Анджелесте Кеннеди әулетінің бар құпиясын, бүкпесіз баяндайтын  "Чаппакуиддик" картинасының премьерасы өтті. АҚШ президентінің мұрагері Тедтің жариялаған бар шындығы сюжеттің негізін құрайды. Аталмыш лентаны тамашалаған алғашқы көрермендер, атақты отбасы мүшелерінің өз абыройын сақтап қалу үшін, қандай қадамдарға барғанын біліп, аң-таң күйде қалды.

Джейсон Кларк, актёр:

-«Апполон 11» ғарыш кемесінің айға қонуы, президенттік отбасының жол апатына байланысты шындықты жасырып қалу амалы екенін білгенімде қатты таңқалдым. Картина көрерменге қызық болары сөзсіз.

Тарихтағы ең нашар картинаның режиссері әрі дарынсыз актер ретінде атағы шыққан Томми Вайсо да, басқалардан қалыспақ емес. Ол рөлдердің бірін өзі сомдаған, кезекті «Т(о)варищи на века» туындысының тұсаукесеріне қатысты.

Томми Вайсо, актер, режиссер:

-Білесіздер ме, мен о бастан актермын. Бар болғаны, адамдар менің ерекше дарынымды түсіне бермейді.

Еске салсақ, Томми Вайсонның «Комната» картинасындағы кәсіби біліксіздігі туралы, Джеймс Франко «Горе-творец» туындысын таспалаған еді. Тіпті, аталмыш лента «Оскар» сыйлығына үміттілер арасынан да табылған.