Голивуд жұлдызы Леонардо Ди Каприоның кезекті махаббаты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнбикелерді жаны сүйетін Ди Каприоның, бұл жолы көңілін тапқан - Камилла Моррене. Сері көңілді актердің жүрегін жаулаған ару, оның өзінен 2 есе жас көрінеді. Леоның жаңа ғашықтық хикаясы қаншаға созылмақ?! Бұл қыздың шоу-бизнес әлеміне қаншалықты қатысы бар?!

Ди Каприо жасы келсе де үйленуге асықпайды! Қырық үштегі актер бүгінде өзінен екі есе жас сәнбикемен көңіл жарастырып жүр. Шоу-бизнес әлеміне жаңа қадам басқан ару, сән саласында тер төгеді екен. 20 жастағы Камилла-аргентинаның сұлуы. Киноөндіріске де бет бұрған ол, сәуір айында шығатын «Жажда смерти» фильмінде негізгі рөлдің бірін сомдайды. Ал, Леомен махаббат хикаясы ұзаққа созыла ма, жоқ па ол уақыт еншісінде...

 «Сүйемін және сүйіктімін!» Кэтти Пери де махаббаттан басы айналып жүргенін жасырмайды. Бір жыл бұрын ғашығымен қош айтысқан ол, сезімін сынап көруге тағы бір мүмкіндік тапқан. Орландо Блуммен қайта қосылған әнші, қазір Токио қаласында гастрольде. Кешінде сүйіктісіне ән арнаған Кэтти, тыңдармандарын тамсандырды. Құрбыларының айтуынша Пери бикеш сезімдеріне тез ерік береді екен. Енді тойдың да ауылы алыс емес сияқты...

One Direction-ның экс-солисті - Найл Хоран мен әнші Хейли Стайнфелд та жаңа жұптардың бірі. Жұртқа жақсы достармыз деп жүрген олар, енді ғашықтарға айналды. Хейли өзінің инстаграм парақшасында, әншіге деген махаббатын түрлі жолмен әйгілеуге кіріскен. Найлдың де сезімі жоқ емес! Екеуі бүгінде қол ұстасып, түрлі кештерде бірге бой көрсетіп жүр.