Голливуд «Терминаторынан» айрылып қала жаздады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелесте Арнольд Шварценеггерге жедел түрде жүрегіне ота жасауға тура келген. Бұл жаңалық «темір» Арнидің жанкүйерлерін әбден әбігерге түсірді. 70 жастағы актердің қазіргі денсаулығы қалай?!

«Терминатордың» да ғұмыры мәңгі емес. Аты аңызға айналған, Арнольд  Шварценеггер ажал аузынан аман қалды. Лос-Анджелес ауруханаларының бірінде, актердің жүрек қақпақшасын жедел түрде ауыстыруға тура келген. Сәтті жасалған отадан көзін ашқан Арнольд, «мен қайта оралдым» деп жанкүйерлерін бір қуантты. Калифорнияның экс-губернаторының қазіргі жағдайы бір қалыпты.

Крис Браун ұрда-жық мінезіне қайта басқан секілді. Әнші осыдан 9 жыл бұрын, экс-ғашығы Рианнаны соққыға жығып, өз мансабына балта шапқан еді. Уақыт өтсе де, түзеле алмаған музыкант тағы да көзге түсті. Бұл жолы, Майамидегі жеке жағажайлардың бірінде, құрбысын қылқындырып жатқанын куәгерлер байқап қалады. Ол бұл ісін жұртқа қалжыңым деп түсіндірген. РиРимен болған оқиғадан кейін, Крис сабақ алдым деп ант ішіп отыр.

Ал, «Виа Гра» тобының құрамы қайтадан өзгеріске ұшырады. Осыдан біраз күн бұрын гелзбендтен кететінін мәлімдеген Миша Романованың орнын, жаңа солист басып отыр. Ольга Меганская есімді қызды қол астына алған продюсер Константин Меладзе, кастинг жасап әлек болмаған. Инстаграм желісі арқылы Ольганы таңдап, топқа шақыртыпты. Бағы жанған 24 жастағы ару, бұған дейін тек әуесқой әнші болып келген екен.