«Такси» фильмі үлкен экрандарға қайта оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Араға 11 жыл салып, әйгілі «Такси» фильмі үлкен экрандарға қайта оралды! Танымал киногер Люк Бесонның ұзаққа созылған толғанысынан кейін, франшизаның жалғасы көрерменге жол тартпақ. Одан өзге, сәуір айы қандай премьералармен қуантпақ? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

Хеллен Миррен, Джейсон Кларк бастаған актерлар ең үрейлі картинаның тұсауын кесуге әзір. Винчестер қаруын ойлап табушы ретінде, талай адамның өліміне себепші болған әйгілі әулет, енді елестердің құрбаны. Тарихи оқиға желісіне негізделіп таспаланған сюжеті қорқынышты лента, сәуірдің 5-ші жұлдызынан  бастап үлкен экрандарда.

Ең алғаш көрерменге 20 жыл бұрын жол тартқан «Такси» франшизасы да, жанкүйерлерін қайта қуантпақ! Фильмнің жалғасында басты рөл мен режиссерлік тізгінді еншілеген Франк Гастамбид, сиквелдің бұрынғыдан қызықтырақ болуы үшін барын салған. Ал, қалың көпшілік киногер еңбегінің бағасын осы айдың 12-сінен бастап бере алады!

Ал, Дуэйн Джонсон джунглиде жалғыз өзі алып аңдармен арпалысып жүр! Бұл актердің Брэд Пейтонның картинасында үшінші рет төбе көрсетуі. Видео ойынның желісімен таспланаған «Рэмпейдж», сәуірдің 19-нан бастап көрерменге жол тартпақ.

Колумбияның әйгілі қылмыскері Пабло Эскобар есімі, тарихи лентаға арқау болды. Кезінде «Форбс» тізімімнің көшін бастаған оның, өмірлік жолы мен махаббаты туралы картина, сәуірдің 26-сынан бастап кинотеатрларда. Еске салсақ, наркобаронның ғашығының рөлін сомдау Пенелопа Крузға бұйырған.