Эрик Тастембеков Мақпал Исабековаға бәсекелес тапты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Эрик пен Мақпалдың арасындағы жұмыс тоқтағалы, 8 жылға жуықтап қалыпты. Осы мерзім ішінде танымал продюсер, таланттарға  іздеу салып, лайықты әнші қызды жолықтыра алмай жүргенін айтқан еді. Тастембеков, енді Исабековаға бәсекелес болатын сұлуды тапқанын хабарлады!

Мақпал – Тастембековтің табысты әрі танымал жобаларының бірі. Бірақ, Исабековамен қоштасқалы бері, Эриктің әнші арулармен жұмысы жүрмей-ақ қойды. Сандамен арадағы серіктестік сәтсіз аяқталса, Жанар Дәукееваны да өз жолымен жіберген. Ал, жақында азулы продюсер қалауындағы қызды қанатының астына алыпты. 

Эрик Тастембеков, продюсер:

-2011-ші жылы Исабекова жеке шығармашылыққа қалай кетті, сол кезден бастап іздеген қызды енді тапқандаймын. Бұл менің талғамымдағы әнші екеніне көзім жетті. Бірден жоспар құрып, жұмысқа кірісіп кеткенімде сондықтан.

Жаңа жобамен жақынырақ таныс болайық. Эрик, Дана есімді арумен өткен жылы музыкалық шоулардың бірінде танысқан. Скрипканы серік еткен сұлу - консерваторияның түлегі.

Dana, әнші:

-Эрик ағамыз көптеген жұлдыздардың бағын ашқан кісі. Және де мен өзімде ол кісіге сенімді болдым. Жұмыстарына қараймын ғой енді. Сондықтан ешқандай күмәнім болмады.

Продюсер мен жоба жеті жылдық келісімшратқа қол қойған. Сондықтан 24 жастағы бұрымды үшін, жеке өмірден гөрі, енді шығармашылықты шыңдау алғашқы орында.

Dana, әнші:

-«Тұрмыс құрмау» деген контрактте талап бар, иә! Көре жатармыз енді, қалай болатынын. Бірақ... Жігітім қазіргі таңда жоқ.

Ресми құжатты заңдастырған қос тарап, қазіргі таңда екі трек жазып қойған. Жақын күндері дебюттік бейнебаянның түсіріліміне кіріспек.