«Чудо женщина» даңқ аллеясында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі актриса Линда Картердің даңқ аллеясында жұлдызы жанды! Елге ең алғашқы «Чудо женщина» ретінде етене таныс өнерпаз, бұл сәтті ұзақ күткен көрінеді. Айтулы шарада, Линданың жақындары да жанынан табылды.

«Даңқ аллеясында» арнайы жұлдызды еншілеген Линда Картердің бағын «Сұлулық байқауы» ашқан болатын. 21-жасында «Әлем аруына» қатысқан ол, «Чудо женищина» телехикаясына шақырту алады. Содан бері ширек ғасыр өтсе де, актриса көрерменнің есінде қаһарман кейіпкер ретінде қалған.

Линда Картер, актриса:

-Мен «Чудо женщина» емес, Диананың образын сомдадым. Өмірде бәріміз де қарапайым әйелміз. Әуел баста бұл рөл осыншама танымалдылық әкеледі деп ойламаған елдім.

Маңызды сәтте актрисаны қолдауға келген жанкүйерлер көп болды. Арасында арнайы «Чудо женщина» киімін киіп келгендер де бар. Суперқаһарман туралы лентаның режиссері Пэтти Дженкинс те, жылы лебізін жаудырды.

Пэтти Дженкинс, режиссер:

-«Чудо женщина» өмірде де бар. Ол менің жанымда тұр. Құттықтаймын сені! Сен менің әпкем, досым, жақымысың.

Ал, алпысты алқымдаған актриса, алда талай белестерді бағындырамын деп сендіруде.