Кардашьяндар әулетінде тағы да дау!

Сообщить о проблеме с эфиром

Атақ сүйетін Кардашьяндар әулеті үнемі халық назарында. Ал, Роберт пен оның экс-жұбайы Блэк Чайнаның басы үнемі даудан арылмай-ақ қойды. Бұл жолы, Лос-Анджелес көшелерінің бірінде, сылқым біреуді соққыға жыққан көрінеді. Оқиға тіпті сотқа да жетуі мүмкін...

Роберт Кардашьян мен экс-жұбайы Блэк Чайнаның -1 жасар Дрим есімді қыздары бар. Олар бөбектеріне кезектесе қыдыртатын көрінеді. Күні кеше Блэк, Лос-Анджелесте қызымен саябақта серуендеп жүрген жерінен көзге түскен. Баласына абайсызда қолы тиіп кеткен бөтен адамды, бикеш ашу-ызамен бас салады. Бұл оқыс жайттан соң, сәбиінің қауіпсіздігіне алаңдаған Роб, бұрынғы әйелін одан аулақ ұстауды жөн көріп отыр. Қажет болса, сотқа  шағымдануға да дайынмын дейді.

Кендал Дженнердің де басы бәлеге қалған сынды. Сәнбикенің жүктеген соңғы суретін, фолловерлері жаппай талқылап жатыр. Табынушылары Кендалды пластикалық ота жасатты деп айыптауда. Сылқым болса, жанкүйерлерінің болжамына жауап беруге асығар емес. 

Голливуд керемет жұптарының бірін жоғалтқандай еді. Актер Ченниг Татум мен Дженна Дьюэнн 9 жылдан кейін ажырасуға бел буған болатын. Алайда, Ченниг өз шешіміне әлі де күмәнданатын сияқты. Актер, Калифорния көшелерінде кішкентай қызы Эверлимен, қыдырып жүрген жерінен көзге түсті. Оның саусағынан неке сақинасын тастамағанын байқағандар, таяуда экс-жұп қайта қосылады деген сенімдерін білдірді.