UFC өкілі Брайан Ортега, Головкинді жұдырықтасуға шақырды

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, тағы бір белгілі UFC өкілі Брайан Ортега, Головкинді жұдырықтасуға шақырды. Америкалық аралас жекпе-жек шебері Геннадийге бокс ережесімен айқасуды ұсынған.

«GGG мен сенің жанкүйеріңмін, саған ММА сарбазы керек болса, кел жекпе-жек өткізейік», -дейді Брайан. Ол 5-мамырға қарсылас іздестіріп жатқан Генаға осылай жазба жолдауды ұйғарыпты. 14 кездесуінде еш ұтылмаған Ортега, UFC промоушенінің жарқын жұлдызы саналады. Әзірге Головкин тарапынан еш жауап болмады!