Гарри ханзада мен Меган Марклдың фильмі шықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Желіде Гарри мен Меган Марклдың кіршіксіз махaббатын баяндайтын фильмнің екі трейлері жарық көрді! Режисерлардың сөзінше, видеоның бірінші нұсқасы ханзадаға ұнаса, екіншісі актрисаның көңілінен шыққан көрінеді.

Ұсынылған лентада Гарри Ханзада мен Меган Марклдың алғашқы таныстығынан бастап, той күніне дейінгі бастан өткерген әрбір сәті баяндалады. Ал, фильмді түсіру үшін, киногерлер лайықты актерларды ұзақ іздеген еді. Енді, міне таспалаған туынды 13-мамыр күні көрерменге жол тартпақ.

Дарынды жазушы Рэй Брэ́дберидің бестселлері де киноэкрандарда. Роман желісін негіз еткен «451 градус по Фаренгейту» фантастикасында, кітаптарды үйде сақтау үлкен қылмыс болып саналады. Ал, артық оқулықтарды жою Гай есімді өрт сөндірушіге тапсырылған. Алайда, кейіпкердің жаңа таныстығы оның дүниетанымын мүлде өзгертеді.

«Человек, который убил Дон Кихота». Аталмыш картинаны дүниеге әкелу үшін, режиссер Терри Гиллиам 18 жыл бойы еңбектенген. Әуел баста, негізгі рөлді Джонни Деп сомдау керек болса, кейіннен ол Адам Драйверге бұйырды. Өткен кезеңді суреттеген туындыда сондай-ақ, Ольга Куриленко мен Майкл Пейлинді байқауға болады.

«Мистер Бин» қайта арамызда! Күлкілі образымен ел есінде қалған Ро́уэн А́ткинсон, арнайы тыңшы кейпіне енді. «Агент Джонни Инглиш: Новая миссия» комедиясында, актер әріптестерімен бірге мемлекеттік маңызы бар істерді орындауы тиіс. Алайда, Бин мырза міндеттелген тапсырмаларды атқара алмайтын тәрізді...