«Кешьюдің» тағы бір қызы ақ келін атанбақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Геннадий мен ММА өкілі арасындағы айқас, ресми құжатқа қол қойылғанда ғана күшіне енеді. Ал, шоу-бизнесте келісімшартқа отырып, уақытынан бұрын бұзса, әнші жазасыз қалмайды. Бұл тақырыпты қозғауым тегін емес. Бүгінде «Кешьюлік» қыздардың бірі сүйікті жігітін жолықтырыпты. Межелі мерзімнен бұрын, ақ келін атануға асыққан ару кім болды екен...?

Шығармашылықта да, жеке өмірінде де уақытты ұтымды пайдалана білетін – Элизат! Иә, әнші арудың жүрегін жаулаған жігіттің барын, құрбысы Балжан Бидаш байқаусызда айтып қойды.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Элизат, Элизаттың басы бос емес!

Алагөзова мен «Кешью» арасындағы келісімшарт 2021-ші жылға дейін жарамды. Бірақ, сұлулар сүйіктілерін жолықтырып жатса да, олардың жеке өмірі жұртқа жұмбақ болу тиіс.  

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Біз жігітпен жүрген күннің өзінде, біз оны жар салмаймыз!

Сұхбат кезінде талай сырлар ақтарылады. Әли Оқапов түнгі клубқа қатысты тың деректің шетін шығара бастағаны сол еді, аяқ-асты Айқынның пайда болмасы бар ма...

Әли Оқапов, әнші:

-Жалпы қандай жағдай болғанның өзін мен...

Әлидің БАҚ өкілдерімен тілдескенін қаламады ма, әлде өзара келісіп алған ба?! Әйтеуір, дәл осы сұхбат сәтінде Оқаповты шоу-бизнестегі әріптестері кезекпен түрткілей берді.

Әли Оқапов, әнші:

-Әкем қайтқаннан кейін, біз Рымбаев атты... -Бәрі түртіп кетеді әйтеуір мені.

Айтпақшы, Әбунасыр Серіковті де әріптестерінің дәл осылай әбігерге салғаны бар.

Әбунасыр Серіков, актер:

-Ең сүйікті баласы ғой...

Ағасымен әзілі жарасқан Марат Әлібаев, Әбунасырды тағы да тығырыққа тіреді. 

Әбунасыр Серіков, актер:

-Қашан үрім-бұтағым болады деп, Алладан тілеп жүреді ғой...

-Мені жамандап жатқан жоқ қой, иә?!

«Сәтсіз сұхбат» деп осыны айтыңыз! Кадрда көп көрінгісі келді ме, Марат басқа тәсілге көшті.   

Танымалдардың кадр сыртындағы шынайы бет-бейнесі осы! Көрерменге қызық болса, тағы да көрсетеміз!