Хлоя Морец опазсыздық жасаған Бруклин Бекхэмге қалай жауап берді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық тағы бір жұптың тағдыры шешілуде. Виктория Бекхэмнің ұлы, Бруклин сүйіктісі  Хлоя Морецке опасыздық жасап жүр. 20 жасар сәнбикемен көңіл жарастырған ғашығынан, Хлояның көңілі қалған сияқты. Сылқымның да айтары бар...

Хлоя Морец, ғашығы Бруклин Бэкхемнің опасыздығына қатты қапалы. Бруклин болса, Лекси Вуд есімді 20 жасарлық сылқыммен қөңіл жарастырып кеткен көрінеді. Бұл ғашықтар папарацци көзінен қымсынбайды да. Бұған куә болған Хлоя, сүйіктісінен шындап түңілгенін айтады. Бірақ жұптарының екіге айырылғандарын еш мәлімдемегеніне табынушылары әлі де таң. Олар Хлояға тек бекем болуды тілеумен жүр..

Эмбер Херд болса, таяуда экс-жұбайы Джонни Деппен ресми ажырасып, дүние-мүліктерін өзара бөліскен еді. Эмбер өзіне тиесілі байлықтан, қайрымдылыққа жұмсайтынын айтқан болатын. Сөзінде тұруды жөн санаған актриса, Лос-Анджелестегі балалар ауруханасына 5 миллион долларға жуық қаражат бөлген. Қысым көрген сәбилердің өміріне алаңдайтынын білдірген Эмбер, экс-жұбайының кезінде өзіне де күш қоладанғанын жасырмай жариялағаны бар.

Ал Брэд Питт болса, жалғыздыққан жалыққан сынды. Актер шығармашылық шабыт іздеп, үнсіз кеткен еді. Енді, Голливудтық жұлдыз жеке өмірін қайтадан қолына алғандай. Ол бүгінде жұмыс бабында танысқан Нери Оксмен есімді суретшінің жанынан табылып жүр. Инсайдерлердің айтуы бойынша, Брэд серіге Неримен уақытын өткізген ұнайтын көрінеді. Ал актер екеуміздің арамызда тек қызметтік байланыс деп отыр.