Алуа Қонарова «Рензоның» құрамын ауыстырды! Бойзбендтен кім кетті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әдетте қыздар ұжымының құрамы жиі ауысатын еді, енді жігіттер де топта тұрақтамайтын болды. Қонарова құрған «Рензо» бойзбендінде үлкен өзгеріс. Төрттікпен қоштасқан әнші тәртіп бұзды ма, әлде Алуаның ақ батасын алып кетті ме?! Біз біліп көрдік!

«Рензодағы» жұмысын тоқтатқан дәл осы Жанболат. Топтан кетуіне әнші жігіт пен Қонарова бастаған команданың, өзара тіл табыса алмауы себеп болған көрінеді. Ал, құрамды өзгерту идеясы бойзбенд құрылғанда-ақ туындаған. Бірақ, Алуа ханым екі жыл бойы олқылықтың орынын толтыруға талпынғанымен, әрекеті нәтиже бермейді. Шыдамы жетпеген продюсер, жақында шәкіртіне соңғы шешімін хабарлаған.  

Батыр Байназаров, «Renzo» тобының музыкалық продюсері:

-Ол жігіттің өзі ақымақ емес қой енді. Ол өзі де көріп жатты. Творчествода да және балалардың қарым-қатынастарын да ол сезіліп жатты. Сондықтан, менің ойымша оған тосын болған жоқ.

«Рензолық» жігіттермен шығармашылықта тандем таба алмаған Жанболаттың, топтан кетуіне вокалдық қабілеті де әсер еткен көрінеді.

Батыр Байназаров, «Renzo» тобының музыкалық продюсері:

-Жоғары деңгейдегі биші. Бірақ бұл бишілер тобы емес. Вокалдық топ. Сондықтан, бірінші орында вокал болу керек. Ол жағынан жаңа мүше әнді жақсы айтады. Жас болғанымен, көп деген нәрселерді түсінеді.

Желіге жүзін жасырған суретін жүктеген жігіт - бұл топтың жаңа мүшесі болмақ! Ол жабық іріктеу арқылы жүзден жүйрік шығыпты. Бір қызығы бойзбендтің кенже әншісі, осыдан екі жыл бұрын «РЕНЗО» тобына арналған кастингке қатысқан екен. Бірақ, бұл үміткер продюсерлердің есінде жоқ! 

Батыр Байназаров, «Renzo» тобының музыкалық продюсері:

-Екі жыл ішінде осы қателіктерін түзеп, жақсылап дайындалып қайтадан бізге келіп отыр. Және де оның келгені біздің есімізде жоғы, бізбен танысқаны, ол да жақсы деп ойлаймын. Өйткен біз оған жаңаша көзбен қарадық.

Бүгінде жігіттер жаңа құраммен тың тректерді жазуда. Жуырда «Рензо» тобы тағы екі клипті таспалауға әзірленіп жатыр.