Головкиннің 5-мамырға жоспарланған жекпе-жегі басқа қалада өте ме?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкин болса қазір қарсылас іздеп жүр. 5-мамырда Лас-Вегаста өтеді деген жекпе-жегі, басқа қалаға да ауысуы ықтимал көрінеді. Сол күні Генамен жұдырықтасуы мүмкін боксшылар да санаулы.. Олар кімдер?!

Басы допинг-дауға қалған мексикалық бокс жұлдызы Канелоның, ресми түрде Головкинмен айқасудан бас тартқаны күні кеше. Енді, GGG-дің командасы Альваресті алмастыратын спортшыны іздестіруде. 5-мамырда Генамен рингке шықсам деп құлшыныс білдіргендерді қарасы көп. Бокс мамандары  қызуқанды ирландиялық Гэри О'Салливан мен IBF-тың уақытша чемпионы украиндық Сергей Деревянченко болар деп болжайды.

Головкиннің промоутері Том Лефлердің сөзінше, бұл жолы отандасымыз тек оңқай боксшылармен Канелоға қарсы дайындалғандықтан, келесі қарсыласы солақай болмайды. Демек, үміткерлердің тізімі санаулы боксшыға қысқарады.

Басында MGM Grand  аренасына ауысқан 5-мамырдың жоспарлы жекпе-жегі, енді Лос-Анджелес қаласында өтуі де ықтимал. НВО арнасы көрсететін бокс кеші, ақылы трансляция арқылы таратылмақ.

Канелоның бір қателігі Головкиннің жоспарын күл-талқан еткен соң, ол үмітті жанкүйерлер үшін 5-мамырда міндетті түрде рингке шығуға уәде берген еді. Альвареспен қарымта кездесу өткізуі, әзірге келешектің тақырыбы. Бір жыл кемінде 2-3 айқасқа шығатын 36 жасар Геннадий, уақыт пен спортты бағалайтынын осылай аңғартты.