Джейсон Стэтхем алып балықпен арпалысып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джейсон Стэтхем де Даңқ Аллеясында есімі жазылған жұлдыздың иесі атануға лайықты актер. Ол қазір мұхиттың тереңіне сүңгіп, алып құбыжық балықпен арпалысып жүр. Әрине, бұл өнер иесінің кезекті фильмі. «МЭГ» картинасы жайлы толығырақ тілшіміз айтады.

Профессор Джонас Тэйлор баяғыда мұхиттың табанын зерттеуге кетіп, жұмбақ күйде ғайып болған экспедицияны әлі де ұмытқан жоқ. Оның пайымдауынша, әріптестерінің қайғылы жағдайға ұшырауына су түбіндегі құбыжық балық кінәлі. Енді, Тэйлор арнайы аппаратпен ең тереңге сүңгіп, сол жауыз акула жайлы дәлел табуы тиіс. Әйтпесе, бұл қатыгез мақұлық  жағалауда бейқам жатқан жұртқа, орын толмас опат әкелмек! Джейсон Стэтхем сомдаған кейіпкердің осы миссиясын, сәуір айының соңында кинотеатрдан көріңіз!

Кек алушылар мен олардың одақтастары әлемді сырттағы сан-алуан қатерден қорғаса да, Танос дейтін ең үлкен қауіп ғарыштан төнеді. Күллі  Галактикаға әмірімді жүргізсем деген қара ниетті жауға қарсы, Жер бетінің барлық суперқаһармандары күш біріктірмек. Бірақ, жеңіс оңайлықпен келе ме?! Ағайынды Руссолар режиссерлік еткен «Мстители: Война бесконечности» фантастикалық картинасы, Қазақстанға мамыр айында жетпек.