Сиви Махмуди Kazakhstan Fashion Week сән сахнасында саудаласты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Kazakhstan Fashion Week-те көрсетілімге ұсынылған киімдер дүкенге түспей жатып, сатылып үлгерді. Брендтік бұйымды еншілеген Сиви Махмуди сәнді атану үшін дәл осылай, барын салуда. Одан өзге, шарада қандай қызықтар болды?! Тілшіміз айтсын.

Kazakhstan Fashion Week көрсетілімінің екінші күні де, құлақ құрышын қандырар әсем әнмен басталды.

Опера орындаушынысының тамаша тартуынан кейін, кезек көптен күткен көрсетілімге де берілді. Бұл жолы, сән салтанатының шымылдығын түру мәртебесі Динара Сәтжанға бұйырған.

Динара Сәтжан, тележүргізуші, сәнгер:

-Қазақстан Фэшн Уикке мен бүгін бірінші рет қатыстым. Өйткені былтыр менің бірінші дебютым Мәскеуде өтті. MBFW Russia – да. Бұл коллекциямды мен Алматыға арнадым. Өйткені, бұл коллекция жазға арналған, көктемге арналған. Менің ойымша, көктем, жаз ол тек қана Алматы.

Дианар Сәтжанның ізімен, Найль Байкучуков қолынан шыққан дүниелерін таныстыруға көшті.

Наиль Байкучуков, сәнгер:

-Өткен ғасырлық еуропа стиліндегі көйлектерді, барынша заманауи қылғым келді. Киімдерімді әрбір қыз тойға, ұзату кешіне немесе қызыл кілемге кие алады.

Алайда, Байкучуковтың көйлектері дүкен сөрелеріне жетпейтін сияқты. Себебі, сәнгердің топтамасын бәрінен бұрын тамашалап үлгерген Сиви Махмуди, арасынан бір-екеуін еншілеп те алған.

Сиви Махмуди, әнші:

-Негізі Наильдің көйлегін көруге және сатып алуға келдім. Қарастырып қойғам. Ол алдын-ала жіберді маған суреттерін. Осы жаңадан шыққан, показға қатысқан көйлектерін. Соның екі-үшеуін таңдап, белгілеп, тіктіріп қойдым. Осы показдан кейін, қыздар киіп шыққаннан кейін мен сатып аламын деп.

Кеште, отандық дизайнерлерден өзге, Марокко мен Мысырдан келген сәнгерлер де өзіндік үлгілерін ел назарына ұсынды. Ал, өнерпаздардың еңбегін бағалауға келген Аша Матайдың көңіліне барлық топтама жаққан. Алайда ол, өзін тренд қуатын жандардың қатарына қоспайды.

Аша Матай, әнші:

-Трендтерге еліктейтін болсақ, өзіңнің изюминка дейміз ғой. Ерекшелігіңді жоғалтатын сияқтысың. Сондықтан, мен соншалықты бәрін қараймын, тыңдаймын, ізденем деп айта алмаймын.