Кардашьян әулетінде бэби-бум! Хлое алғаш рет ана атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

2018 жыл басталғалы Кардашьяндар әулетінен жағымды жаңалық үзілер емес! Ең әуелі Ким, артынан Кайли енді міне, Хлояның шаңырағынан іңгәләған сәбидін үні естілмек!

Құрсағына құт бітсе де, ұзақ уақыт жаңалығын көпшіліктен жасырып келген Хлое, бұл түнде кестетігерін дүниеге әкелді. Сүйіктісі Тристан Томпсонның көзіне шөп салуы, сылқымның мерзімінен бұрын босануына себеп болған. Инсайдерлердің айтуынша, бүгінде Хлое мен кішкентай ханшайымның денсаулығы жақсы.

                                                 ***

Ғашық әрі бақытты! Сүйікті бейсбол командасының ойынын бақылауға келген Бред Питт, парацци көзіне ілікті. Актердің қуанышты жүзін байқаған қалың көпшілік, 54 жастағы серіні махаббаттан бал-бұл жайнап жүр деп топшылауда. Себебі, Анджелинаның экс-жары, таяуда ғана Нери Оксман есімді арумен көңіл жарастырған болатын.

                                                      ***      

Ал, Рианна көйлек тіктіріп, қызыл кілем бойымен жүрге қамдануда. Әнші төбе көрсеткен «8 подруг Оушена» картинасының жуырда тұсауы кесілмек! Оған дейін, киногерлер аталмыш лентаның трейлерін ұсынды. Туындыдан, Ририден өзге Кейт Бланшет, Са́ндра Бу́ллок сынды актрисаларды байқауға болады.