Франция сән сахнасынан Kazakhstan Fashion Week-ке!

Сообщить о проблеме с эфиром

Kazakhstan Fashion Week-те алғаш рет әлем мойындаған «TARA JARMON» сән үйі төбе көрсетті.  Әйгілі бренд отандық сәнқойларға кеңес беруде де аянып қалмады. Сонымен, францияның айтулы дизайнерлерінің паймымымен, бұл маусымда қандай киім киген жөн?

Сахна сыртындағы абыр-сабыр, сән шараларының маңызды бөлігіне айналғандай. Kazakhstan Fashion Week-тің үшінші күні, сондай қарбалас ортасынан қолды-аяққа тұрмай зулап жүрген француздық дизайнерді байқап қалдық.

Париж аруларының жүрегін жаулаған «TARA JARMON» брендінің,  қазақстандағы сән апталығына қатысуы алғаш рет.

Вероника Стендлер,  «TARA JARMON» сән үйінің бренд-менеджері:

-Байқағандарыңыздай, бұл көктем-жаз маусымына арналған топтама. Үлгілерде жаңару, балғындықты көрсеткіміз келді. Сондықтан да көбінесе сары, жасыл сынды ашық түстерді қолдандық.

Ал, Алекс Чжен бұл жолы Лария Джакамбаеваның шығармашылық демалысқа кетуіне байланысты, «ONE TO ONE» брендінің үлгілерін жалғыз өзі дайындап шығарған. Қазақстан фэшн-индустриясында есімін қалдырып үлгерген дизайнерге айтулы салтанатты қорытындылау мәртебесі бұйырды.

«Сән қатып қалған қағидалардан тұрмайды, мұндай батыл қадаммен әсемдік әлемінде төңкеріс жасағым келді» деген Алекс Дженнің, сәнқойларға айтар өз кеңесі бар.

Алекс Чжен, стилист:

-Адамдарда таңдау болуы керек. Мен әріптестеріме, жеке көзқарастарыңды тықпалаудан аулақ болыңдар, дегім келеді. Әрбір сәнқой өзіне ұнаған, еркін сезінетін киімін таңдағаны жөн.

Мадина Дәулетқызы: тілші:

-Үш күнге созылған әсемдік мерекесі осымен тәмәм. Kazakhstan Fashion Week аясында 20-ға жуық дизайнер өз топтамасын таныстырған болатын. Енді, отандық сәнгерлер келесі маусымға дайындалмақ.