Мейвезер мен МакГрегор үшін аралас жекпе-жектің ережесі өзгере ме?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышуыл МакГрегор былтыр бокс ережесіне сай, рингке шығып Мейвезерге қарсы айқас өткізіп жеңілген еді. Сол уақытта спорттағы мансабымды аяқтадым деген Флойд, енді Конормен сегізбұрышта төбелесуді көздеп жүр. Осы жекпе-жек үшін 200 млн доллар гонорар сұраған да көрінеді.

Осылайша, АҚШ-тың жұлдызды боксшысы мен әйгілі ирландиялық ММА өкілінің екінші кездесуін таяуда көруіміз мүмкін. UFC президенті Дана Уайттың сөзінше, МакГрегор мен Мейвезердің айқасы үшін аралас жекпе-жек өнерінің ережесіне еш өзгерту енгізілмейді.