Ева Лангория «Даңқ аллеясында» арнайы жұлдызды еншілеуі еді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ай-күні жеткеніне қарамастан, Ева Лонгория Голливуд көшесінде тізерлеп отырды. Танымал актрисаның мұндай әрекетке баруына себеп болған, оның «Даңқ аллеясында» арнайы жұлдызды еншілеуі еді.

Дарынды өнерпаз киносүйер қауымға «Отчаянные домохозяки» телехикаясы арқылы кең танылған-ды. Ол өзінің шығармашылық жолында  басы-қасы отызға жуық картинада төбе көрсетіп үлгерген.

Ева Лонгория, актриса:

-Өзімді әлі де алдына үлкен мақсат қойған Корпус-Кристи қаласының кішкентай қызы ретінде сезінемін. Бұл менің жұлдызым, бұл біздің ортақ жұлдызымыз!

Ал, Еваның қуанышына ортақтасу үшін атаулы салтанатқа келген жұлдыздардың қарасы көп. Олардың арасынан Виктория Бекхэм, Риз Уизерспун, Керри ВАшингтон мен Рики Мартин сынды танымалдар табылды.

Рики Мартин, музыкант, актер:

-Сен ерекше жансың, Ева! Өзің, отбасың, жақындарың аман болсын! Жасым үлкен болса да, сенен үйренерім көп. Құттықтаймын, кел құшағыма!

Ал, санаулы күндерден кейін әйгілі актриса басты рөлдердің бірін сомдайтын, «За бортом» картинасы көрерменге жол тартпақ.

Алайда, Ева үшін ең жағымды жаңалық сәбиінің дүниеге келуі болмақ. Себебі, Лонгория жақын күндері алғаш рет ана атанады.