ДиКаприо продюсерлік еткен «Истерия» картинасы шықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Истерия» картинасының су жаңа трейлері халықтың үрейін тудыруда. Соған қарамастан, қорқынышты картинанының премьерасын асыға  күтіп жүргендер жетерлік. Аталмыш хоррордың продюсерлік тізгінін Леонардо ДиКаприоның өзі қолына алған еді.

Психикалық дертке шалдыққан жас жігіт, ұзаққа созылған ем-домын алып ауруханадан үйіне келеді. Алайда, оның қалыпты өмірге қайта оралғаны сол-ақ еді, тосыннан беймәлім құбылыстар пайда болады.

Жұрттың үрейін тудыратын аталмыш лентаның продюсерлігі Леонардо ДиКаприо, Джейсон Блум мен Стивен Шнайдер сынды азулы киногерлерге бұйырған. Хоррор-триллер мамыр айында өз көрерменімен қауышпақ.

Ал, «Жұлдызды шайқас»-тың адал жанкүйерлері «Хан Соло: Звёздные Войны. Истории» лентасының толық трейлерін тамашалап, мәз болуда. Фантастика мен шытырман оқиғаға толы фильм, мектептегі соңғы қоңырау қарсаңында, мамыр айының 24-інде жарық көрмек.

Мінсіз қоғам үлгісі! «Анон» фантастикасында қылмыс пен қастандыққа орын жоқ. Себебі, адамдардың әр басқан қадамы билік тарапынан қатаң бақылауда, әр ісі қағазға түсіп отырады. Бірақ, сырт көзге кемшіліксіз күй кешкен ортада, тек жалғыз ару ғана үкіметтің қырағы көзінен тыс қалған. Сол сәттен бастап, бұл әлемде бейберекет әрекеттерге де жол ашылады.

Клайв Оуэн, Аманда Сайфред талмай еңбек еткен қиял-ғажайып лентаға, киносүйер қауым өз бағасын мамыр айында бере алады!