Billboard өз үміткерлерінің тізімін жариялады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кендрик Ламар мен Бруно Марс «Билборд» музыка бәйгесінде үздік атану үшін, өзара жарысқа түспек! Қос өнерпаз бұған дейін Грэммиге таласқан еді. Екеуінен өзге, мәртебелі марапатқа үміткерлердің қатарында қай жұлдыздар бар?!

Billboard Music Awards –тың үміткерлері тізімінде Эд Ширан, Кендрик Ламар мен Бруно Марс көш бастап тұр. Өнерпаздар музыка бәйгесінде бірден 15 аталым бойынша бақ сынамақ. Бұл үштік, сонымен қатар «Үздік әртіс» марапатына Дрейк, Тейлор Свифт сынды әншілермен де таласқа түседі.

 «Рокстар» трэгімен талай музыкалық чарттың алдыңғы қатарынан табылып, тыңдалымы бойынша рекорд орнатқан Post Malone болса, 12 номинацияның жүлдесін еншілеуге ниетті.

Ал, Imagine Dragons 10, Дрейк 9 бірдей аталым бойынша жеңімпаз атансақ дейді. Мәртебелі музыкалық марапатқа үміткерлер тізімінен Джастин Бибер де табылды. Әнші 8 жүлдені қолтықтап қайтуды көздейді.

Әсем даусымен талайдың таңдайын қақтырған Бейонсе мен Риана, өзара «Үздік  R&B орындаушы әйел» аталымында бәске түседі. Ал, әншілердің қайсысы абыройлы музыкалық атаққа лайық екені, 20-шы мамырда белгілі болады.