Анджелина Джоли ауруханаға түсті! Актрисаның өміріне қауіп төніп тұр ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдызы, Анджелина Джоли кино әлемінен біржола кетуі мүмкін. Себебі, Энджидің денсаулығы сыр беріп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Актрисаның мұндай хәлге түсуіне не себеп болды?

Анджелина Джолидің жанкүйерлері, соңғы кездері оның тым арықтап кеткенін айтып, дабыл қағуда. Жұлдыз тіпті әлсіреуінің себебінен, Лос-Анджелес ауруханаларының біріне жеткізілген. Дәрігерлер, бұл жағдай Энджидің моральды тұрғыдан шаршауынан болып отыр дейді. Ақ халатты абзал жандар, енді актрисаға өз-өзіне күтім жасағаны дұрыс болар деп кеңес беруде.

***

Голливудтық жұлдыз Милла Йовович болса, өз үйінде қолдан жеміс-жидек өсіруге құмар болып жүрген көрінеді. Актриса, тіпті Қазақстандық қауын тұқымдарына досы арқылы қол жеткізіп, бүгінде оны жеке бау-бақшасында баптайды екен. Өз инстаграм парақшасында, жайқалып тұрған қауындарының суретімен бөліскен Милла бикеш, бақытты секілді.

***

Ал, Деми Мур 55 жаста болса да, денсаулығына нық сенімді. Бақытын іздеуден шаршамайтын Демидің, өзінен 2 есе жас жігіттерге құштарлығы артып тұратынын жанкүйерлері жақсы біледі. Актриса, Ник Джоанспен көңіл жарастырған еді, қарым-қатынастары ұзаққа бармаған соң ажырасып тынды. Енді, жұлдыздың тағы бір жас серіге ғашықтық сезімі тұтанған деседі. Алайда, Деми жүрегін жаулаған белгісіз жан жайлы деректі құпия ұстап отыр.