Әуенімді ұлыма арнаймын! Еркеш Шакеев альбомының тұсауын кесті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дарынды композитор Еркеш Шакеев, неоклассика бағытындағы альбомының тұсауын кесіп, көпшіліктің таңданысын тудырды. Ал, кеш барысында музыканттың марқұм ұлына арналған әуені, келген қонақтардың жүрегін елжіретпей қоймады. Тілшіміз толықтырады.

«А-Студио» тобы, Батырхан Шүкенов, Ани Лорак сынды талай орындаушыларға әнін сыйлаған Еркеш Шакеев, «Celestial» атты су жаңа альбомының тұсауын кесті. Неоклассика бағытына қадам басқан композитордың, қуанышына ортақтасуға тек жақындары жиналған.

Асылбек Еңсепов, музыкант:

-Біз Еркешпен ағалы-інілі дос болғаннан кейін, біз ертерек тыңдап қойдық. Өте қатты ұнады. Мен ойлаймын, әр музыкант бір қалыпта қала бермеу керек. Ол кісі де оны біледі. Сондықтан, мен ойлаймын, оның жүргі қазір сондай муызкаға тартып тұр, осындай классикалық музыкаға.

Он екі әсем әуеннен құралған жинақта, «Remember me» атты туындының, Шакеев үшін өзгелерден орны бөлек. Композитор бұл музыкалық шығармасын осыдан екі жыл бұрын көз жұмған, марқұм ұлы Сафарға арнайды.

Еркеш Шакеев, композитор:

-Гитарада ойнап отырған болатынмын. Бөлмеге ұлым Сафар кіріп келді. Музыканы тыңдап, әке не деген керемет, бұл тұтастай бір фильм ғой деді. Кейіннен сол әуенді таспаға түсірдік.

Жаңа албомның продюсерлігі - BAFTA жүлдесінің иегері, британдық маман Джонатан Алленге бұйырыпты. Ал, жинақты фортепианоның әуенімен әрлеуге  Джон Ленехан көмектескен. Пианист, «Гарри Потер», «Шрек» сынды фильмдерге саундтрэк жазуымен танымал.

Джон Ленехан, музыкант:

-Сенесіздер ме, менің тығыз кестеге түзілген жоспарларыма байланысты, «Жұлдызды айқас» фильмінің әнін жазудан бас тарттым. Менің бұл шешіміме балаларым әлі ренжулі.

Алайда, Еркештің дарынына тәнті болған музыкант, Қазақстанға келуге уақыт таба білген. Ал, Шәкеев болса, маусым айының 2-ші жұлдызында Лондондағы концерт залында, патшалық филармониялық оркестірдің сүйемелдеуімен жеке кешін беруді жоспарлап отыр.