Головкинмен 5-мамырда жұдырықтасатын Мартиросян қандай боксшы?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канело допингпен ұсталып, жарты жылға спорттан шеттетілген соң, Головкинке жоспарлы жекпе-жегіне қарсылас табу біраз қиынға соқты. Дегенмен, 5-мамыр күні Геннадийге қарсы айқасатын боксшы белгілі болды. Ванес Мартиросян есімді Америкалық былғары қолғап шебері туралы не білеміз?!

Оның еш кінәсі жоқ... Бұл біраз уақыт қарсылас таппай сенделген, GGG командасын жақтаушылардың сөзі. Генаның жоспарын күл-талқан еткен, Канелоның допингпен ұсталып, жарты жылға бокстан шеттетілуі еді. Мексикалықтардың ұлттық мерекесі «Синко Де Майо» қарсаңында, шоу ұсынсақ деген GGG мен Канелоның жекпе-жегі желге ұшты. Бірақ, Головкин сөзінде тұрып 5-мамыр күні Ванес Мартиросянмен жұдырықтаспақ.

Мексикалық бокс жанкүйерлерінің көпшілігі, енді Головкиннің шашбауын көтеретіні анық. Себебі, олардың азаттық тойының құрметіне, қазақстандық жұлдыз рингке шықпақ. Қарсыласы армения ұлтының өкілі, азулы АҚШ боксшысы - Ванес Мартиросян. Ол 2004 жылы Гаитилік Андре Бертоны тізе бүктіріп, Афина олимпиадасында АҚШ елінің намысын қорғау құметіне ие болады. Ұлттық құрамадағы орынға талас жолында, өзінен рейтингі жоғары бәсекелестерін қуып жүріп сабағаны үшін «Үрей» деген лақап атты еншілеген.

1-мамырда 32 жасқа толатын Ванес Мартиросян, кәсіпқой бокстағы  мансабында 40 жекпе-жегінің, 36-сын жеңген, 20 нокауты бар. Тек үш кездесуінде білікті Деметриуса Андраде және Джермелл Чарло секілді қарсыластарынан жеңіліс тауып, атақты Эрисланди Ларамен бір айқаста тең түскен. Ванес өз дәуірінде Кассима Оума, Джо Грин, Сауль Роман сынды боксшыларды ұтып, WBC тұжырымының күміс белбеуін де еншілегені бар. 5 - мамыр күні Головкин - Мартиросян айқасы, Лос-Анджелес қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтпек.