Хлоя Кардашьян жаңа туған сәбиін әлеуметтік желіге тіркеді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Кардашьяндар әулеті әрдайым жұрт назарында жүргенді қалайды. Тіпті жақында ғана босанған Хлоя, енді Тру есімді қызын жұлдызға айналдырмақ. Ол жаңа туған нәрестесіне, инстаграм парақшасын да ашып берген. Кішкентай ханшайымның оқырмандары, сағат сайын өсіп жатқан болар.

Кардашьяндар - танымалдылықтың құты қонған әулет секілді. Атақ-даңқтың төте жолын біледі. Жақында ғана босанған Хлоя, кішкентай қызына арнап  инстаграм аккаунт ашқан. Бөбектің әлеуметтік желідегі жаңа парақшасына,

200 мыңнан аса фолловер әп-сәтте тіркелген. Енді, нәрестенің қалың жанкүйерлері, жақында ғана дүниеге келген Трудың суретін тағатсыздана тосып жүрген жайы бар.

***

Меган Маркл да жақында отанасы болуға дайын. Себебі, оның ақсүйектер әулетінің келіні атанатын күні да таяп қалды. Гарри ханзаданың қалыңдығы, алдағы тойының қамын қатты уайымдап, барлық мәселені өзі жіті қадағалауға көшкен көрінеді. Тіпті патшалық отбасындағы шаңырақ көтеру салтанатына шақырту алмаған туыстары үшін де алаңдаулы екен. Гарри ханзада болса, болашақ жұбайына барынша қолдау көрсетумен жүр.

***

Брэд Питт болса, кино әлемінен біржола кетуге шешім қабылдаған сыңайлы. Актер шығармашылық шабытын енді архитектура саласынан тапқан деседі. Соңғы кездері сызбаларға деген қызығушылығы артқан өнер иесі, таяуда үлкен бір жобасын жүзеге асырмақ ниетте екен. Осы бастамасы оңынан болса, ол Голливудты біржола тастап кетуді қалайтын көрінеді. Осылайша, 54 жастағы сері қазір тек хоббиіне уақыт бөліп жүргенін айтқан.