Cinemacon шарасында жұртты таңқалдырғандар кім?!  

Сообщить о проблеме с эфиром

Бенедикт Камбербэтч, Джейсон Момоа, Мэттью Макконахи секілді бір топ актер, жуық арада жарық көретін картиналарды кеңінен талқылады. Голливуд жұлдыздары әйгілі «Cinemacon» шарасында бас қосқан болатын. Сонымен, өнерпаздардың киносүйер қауыммен бөлісер құнды деректері қандай?

Лас-Вегаста дәстүрлі түрде өткізілетін «Cinemacon» шарасы - киногерлер үшін құнды кездесу. Мұнда төбе көрсеткен әрбір режиссер, әріптестерімен фильм түсіру туралы кеңінен әңгіме өрбітіп қана қоймай, кинокомпаниялармен болашақ жобалар туралы келісімге отырады.

Мәселен, Мэттью Макконахи өзі басты рөлді сомдайтын «White Boy Rick» картинасын тілге тиек етті.

Мэттью Макконахи, актер:

- Шара барысында фильмнің трейлерін көрсететін боламыз. Біздің туындымыз сапалы дүние болары сөзсіз.

Ал, DC Comics-тың адал жанкүйерлері айтулы кеште көптен күткен «Аквамен» картинасының трейлері, халық назарына ұсынылады деп күткен-ді. Алайда, промо видео әлі әзір емес.

 Джеймс Ван, режиссер:

-«Акваменнің» мен таспалаған ленталардан орны бөлек. Сондықтан картинаны толық аяқтап, дұрыс шыққанына көзім жетпейінше, трейлерін ұсынуға дайын емеспін.

Есесіне, қаһарман «Акваменді» сомдаған кейіпкер, болашақта жарыққа шығатын лента туралы айтып берді.

Джейсон Момоа, актер:

-«Аватар» фильмін көргенімде таңқалғаным бар. Сол сияқты, «Аквамен» де ерекше болмақ. Оқиғаның барлығы судың астында өрбиді.

Ал, Cinemacon сәуірдің 26-cына дейін жалғаспақ. Айтулы шарада, әлемге әйгілі  алып киностудиялардың өзге де картиналары таныстырылатын болады.