Қуыршақ Гарри Ханзада мен Меган Маркл!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы мамыр айының 19-шы жұлдызында, Гарри Ханзада мен Меган Маркл отау құрып, Ұлтыбритания жұртышылығын бір қуантпақ. Айтулы салтанат қарсаңында, АҚШ-тың Шарли Оливия Ли есімді қуыршақ дизайнері, қос ғашықтың кейіпіндегі ойыншықтарды әзірлеп шығарды.

Шарли Оливия Ли, қуыршақ сәнгері:

-Патшалық әулеттің қуанышы, шалқар шабыт сыйлады. Содан кейін, дәл осындай ойыншықтарды жасауды жөн көрдім. Мен оларды «патшалық қуыршақтар» деп атаймын.

Гарри ханзада мен Меган Маркл бейнесіндегі екі ойыншықтың құны - 149 долларды құрайды. Бүгіннің өзінде қуыршақтың 20-ға жуығын саудалап үлгерген Шарли, үйлену тойына дейін тағы 400 данасын сататынына сенімді!