«Кек алушылар» мен «Дэдпулдың» дұшпаны кім? Мамыр айында қандай фильмдер күтпек?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Marvel» қаһармандары - «Кек алушылар», әлемді тағы бір апаттан арашалап алмаққа қайта оралды. Әзілқой батыр «Дэдпулдың» да жаңа хикаясы, сіз үшін тартымды болары анық. Жалпы, мамыр айында қазақстандық көрерменді қандай фильмдердің тұсаукесері күтіп тұр екен?!

«Marvel» компаниясының 19-шы франшизасы жарыққа көруге әзір. Әлемге төнген қауіппен күресуге, жалғыз қаһарманның күші жетпесі анық. Бір-біріне көмекке келетін батыл кейіпкерлер, ғарыштан жеткен құбыжықтармен шайқасқа түспек. Фантастикалық фильм, мамырдың 3-ші жұлдызынан бастап үлкен экрандарда көрсетілмек.

Ал, әзілқой батыр «Дэдпул» жанкүйерлерін қайта қуантпақ. Бұзақылармен үнемі арпалысып жүретін кейіпкер, бұл жолы қандай қызықты оқиғаларға тап болар екен. Фильмнің екінші бөлімі де тартымды болады деп күтілуде. Актер Райан Рейнольдс ойнаған комедиялық картина, мамырдың 17-нен бастап көрерменге жол тартады.

«Marvel» өз қаһармандарының өмірін жеке таспалағанды да жөн көреді. Кезекті кейіпкер - Хан Соло! Ғарыштан келген бұзақы жігіттің хикаясы баяндалатын картинаның өз жанкүйерлері де бар. Галактиканы бағындырған батырдың оқиғасы мамырдың 24-нен бастап ұсынылмақ!