Шакира әлде Дженнифер Лопес?! «Latin music awards»-та күм үздік?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка саласында да кіл мықтыларға табысталатын  жүлделер баршылық. Мәселен, Лас-Вегаста мәртебелі «Latin music awards», ең үздік әншілерді анықтады. Шакира, Луис Фонси, Джастин Бибер сөзсіз жеңімпаздар қатарында.

Латын ән әлемінің айтулы шарасы, әдеттегідей өнер өкілдерін алдымен қызыл кілемге жинады. Төбе көрсеткен меймандар арасынан, Дженифер Лопез жарқын образымен ел есінде ұзаққа қалары хақ. Одан бөлек, өнер иесі бұл кеште жылдың «ең үздік әйел әншісі» атануға ниетті еді. Алайда, бұл марапат Шакирға бұйырыпты.

Ал, ерлер арасынан «үздік әнші» - сөзсіз Луис Фонси. Ел құлағында жатталып қалған «Деспасито» трэгінің арқасында, ол бұдан өзге «Жыл әні», «Көңілді трек» сынды тағы алты бірдей марапатты қолтықтап қайтты.

Луис Фонси, әнші:

-Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. «Деспасито»  өмірімді өзгерткен туынды. Мен өте бақыттымын, өйткені енді латын музыкасын күллі әлем біледі. Біздің жұмысымды оң бағалаған жанкүйерлерге алғысым шексіз.

Айтулы кештен Джастин Бибер де құр алақан қайтпады. Латын музыканттарының арасында есімі аталған сері, «ең үздік халқаралық әнші» аталымы бойынша арнайы жүлде еншіледі.

Майталман өнерпаз, Энгрике Иглесиастың жас орындаушылардан қалысар ойы жоқ. Испан тіліндегі әсем әндері арқылы әлемге танылған ол, Питбуль екеуінің турнесінің арқасында арнайы марапатқа лайық деп танылды. Ал, жылдың «ең үздік орындаушысы» атағы, әнші Озунаға тиесілі.

Озуна, әнші:

-Жүлде үшін менімен бірге Джей Бальвин, Дэдди Янки, Луис Фонси таласқан еді. Олар мықты музыканттар. Сондықтан, бұл жеңіс мен үшін үлкен мәртебе.

Ал,  аталмыш кеште жүлде ала алмаған жұлдыздар, Луис Фонсидың табысын қалай да қайталаймыз деп тарқасты.