Атышулы Зейн Малик пен Джиджи Хадид қайта табысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үш жылдық қарым-қатынастан кейін, жолдары екіге айырылған  жұлдызды ғашықтар қайта қосылды. Нью-Йорк көшелерінің бірінде қол ұстасып қыдырып жүрген Зейн Малик мен Джиджи Хадид, енді мәңгі бірге боламыз деген үмітте.  Бұған жанкүйерлері қаншалықты сенеді?

Қосылмастай болып қош айтысқан экс-ғашықтар - Джиджи Хадид пен Зейн Малик қайта табысқан көрінеді. Жұлдызды жұп, Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүрген сәтте көзге түскен. 3 жылдық қарым-қатынасты жандандыруға бел буған Джиджи мен Зейн сезімдерін тағы бір сынамақ ниетте. Енді жанкүйерлері де, қос жұлдыздың ұстасқан қолдары жазылмасын деп тілейтіні анық.

***

Ал, Джонни Депптің басы даудан арылмады. Бұл жолы актердің күзетшілері оны сотқа берген. Евгений Арреола мен Мигель Санчес есімді жігіттер, 2016 жылдан бері Джонниге қызмет ететін көрінеді. Еңбекақымызды ұстап қалды деген қауіпсіздік өкілдері, енді қожайындарынан ақшаны заң жүзінде өндіріп алмақ ниетте. Бізді орынсыз жұмсайтын деген айыптары тағы бар. Джонни Депп болса, арзан атақ қуғандармен ісім жоқ деп қысқа қайырған.