Қалтасынан қағылған Джей-Зи кіммен соттасып жүр?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джей-Зи өзі әріптестік еткен «Rocawear» брендімен соттасып әлек. Рэпер аталмыш компанияны, киімнің сатылымынан түскен тиесілі пайдамды жымқырды деп айыптауда. Бірнеше айға созылған процесстен, әділдік іздеген өнер иесі көздегеніне жете ала ма?!

Рэпер Джей-Зи «Rocawear» брендімен 2007 жылдан бері серіктес. Ол өзінің киімдер топтамасын осы компания арқылы саудаға шығарған. Алайда, бірнеше жылдан бері сатылымнан түскен пайда, рэпердің қалтасына толықтай бұйырмаған көрінеді. Нью-Йоркте өткен бірнеше сот отырысынан соң да, қос тарап бітімге келе алмаған. Музыканттың тығыз кестесіне байланысты, бұған дейін іспен қорғаушысы айналысып жүрсе, 15 мамырда соңғы үкімді тыңдауға Джей-Зидің өзі қатыспақ! 

***

Миранда Керр екінші рет ана атанды. Сәнбике жары Эван Шпигельге шекесі торсықтай ұл сыйлады. Лос-Анджелес перзентханаларының бірінде дүниеге келген сәбидің есімін «Харт» деп, Эванның атасына аттастырып қойған көрінеді. Бикеш, қазіргі жарымен 2015 жылы отау құрған. Ал тұңғышы 7 жасар Флинн - экс-ғашығы Орландо Блум екеуінің ортақ балалары.

***

Вин Дизель, «Форсаж» картинасының 9-шы бөліміне қызу дайындық үстінде. Актер, фильмнің ауқымды болатынымен бөлісті. Жаңашылдықты талап ететін туынды, бұл жол Африка елінде таспаланады. Жоба авторлары бірден 2 бөлімді даярлауды жоспарлап отырған көрінеді. Түсірілімі 2 жылға созылатын әйгілі лента, көрерменге 2020-шы жылдың сәуір айында жол тартпақ!