Тағы бір тың туынды. Белгілі әзілкеш Нұрлан Сабуров жайындағы деректі фильм таспаланды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай авторлық туындыларымен елді қуантып жүрген Қанат Бейсекеев, бұл жолы Ресейлік шоу-бизнесті бағындырған қарапайым қазақ жігіті жайлы жұмысын ұсынбақ. Картинада ТМД аумағына кеңінен танылған, әзілкеш қандасымыздың өмірі жайлы қызықты деректер қамтылған.

Қазақстан, Ресей мен АҚШ елдерінде түсірілген өнімнің, бүгін НТК арнасында кешкі 23:30-да тұсауы кесілмек! Қапы қалмаңыздар!

Қанат Бейсекеев, режиссёр:

-Менің бұл деректі фильм жақсы шығуы тиіс. Себебі, Нұрлан көп жағдайда сұхбат бере бермейді. Оны қарапайым ретінде ашу және таныту маған да қызық болды.  Кейін екеуміз достасып, тіпті Головкиннің АҚШ-тағы жекпе-жегін көруге бірге бардық.